Атырау, 27 сәуір 20:46
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Терроризм мен суицидті насихаттайтын 110 мыңнан астам материал жойылды – Д.Абаев

2 334 просмотра

2016 жылы атқарылған жұмыстар бойынша ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мазмұнында 110 мыңнан астам терроризм мен экстремизмді, суицидті насихаттайтын материалдар өшірілген. Ал меншік иелері мен интернет ресустардың адресіне 150 мың ақпараттық материалдарға қатысты 500 ескерту хаты жіберілген. Бұл туралы кеңейтілген алқа отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Ақпарат және коммуникация министрлігінің бақылау-қадағалау қызметіне тоқталғым келеді. Министрлік үнемі ақпарат айдынындағы хабарлардың заңға сай келуіне мониторинг жүргізеді. Бұл соңғы уақытта өте маңызды. Құқыққа қайшы контенттің көлемі бұрын болып көрмеген деңгейге жетті», - деді ол.

Осы орайда министр бұл материалдың жастардың санасына кері әсер ететіндігін айтты.

«Олардың деструктивті ықпалы азаматтарға, әсіресе жасөспірімдер мен балаларға әсер ететіндігін ұмытпауымыз керек. Мұны сіздер жақсы білесіздер. Құқыққа қайшы келетін контентпен күресу мақсатында әлемнің беделді әлеуметтік желілері мен іздеу қызметтерімен байланыс орнатылды. Бұл жұмыс жалғасатын болады», - деді басшы.

Сондықтан Дәурен Абаев алдағы уақытта бұл жұмыстардың одан әрі жалғасатындығын жеткізді.

«Аталмыш жұмыстағы сұрақтардың шешілуі үшін ескертуге басымдық беріледі. 2016 жылы меншік иелері мен интернет ресурстардың адресіне 150 мың ақпараттық материалға қатысты 500 ескерту хаты жіберілді. Нәтижесінде жеке меншік иелері (сайттар – автор) 110 мыңнан астам құқыққа қайшы келетін, материалдың мазмұнында терроризм мен экстремизмді, суицидті насихаттайтын хабарлар өшірілді», - деді ол.

Дереккөз: Baq.kz

9 ақпан 2017, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.