Атырау, 14 қазан 21:22
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Дәурен Абаев суицидтік сипаттағы топтар бойынша қайда шағымдану керектігін айтты

2 501 просмотра

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев соңғы күндері қоғамда қызу талқыланған суицидтік сипаттағы виртуалды ойынға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Baq.kz. Министр өз пікірін Фейсбук желісінде жариялады.

«Бүгінде жұртшылық жасөспірімдерді суицидтік сипаттағы виртуалды ойынға қатысуға шақыру мәселесін қызу талқылауда. Бұл жайттың осыншалықты назар аудартуы түсінікті. Себебі мәселе балалардың қауіпсіздігіне қатысты. Бірақ біз БАҚ-тағы әрбір жарияланым дүрбелең туғызушылар үшін жарнама екенін естен шығармауымыз керек. Сондай-ақ, біз осындай шулы жаңалықтарды өршіту өзіне өзі қол салудың көбеюіне себеп болатынын ұмытпауымыз керек» - деді министр.

Сондай-ақ, Д.Абаев министрлік тарапынан суицидке итермелейтін топтарды анықтау мақсатында әлеуметтік медиаға мониторинг жүргізіліп отырғанын атап өтті.

«Әлеуметтік желілердің иелерімен де осындай топтарды бұғаттау және жою бойынша қарым-қатынас орнатылды. Нәтижесінде соңғы жылдары осы секілді контенті бар жүздеген топ жойылды. ҚР ІІМ деректері бойынша 2016 жылы елімізде жасөспірімдерді суицидке итермелеу фактілеріне қатысты 9 қылмыстық іс қаралды. Бірақ олдарға әлеуметтік желілердің немесе топтардың қандай да бір ықпал жасағаны жөнінде мәлімет болған жоқ» - деді ол.

Сөзінің соңында министр желіден қандай да бір күмән келтіретін топтарды кездестірген жағдайда оның сілтемесін Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің сайтындағы «Шағымдану» бөліміне жолдау жөнінде кеңес берді.

Естеріңізге сала кетейік, министрлік ресми сайтындағы «Шағымдану» бөлімі 2016 жылдың тамыз айында іске қосылған болатын.

Дереккөз: Baq.kz

8 ақпан 2017, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.