
Ақтау қалалық сотында ҚР ҰҚК Маңғыстау облысы департаментінің бұрынғы қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Ер адам ҚР ҚК 177-бабы, 4-бөлімі Б тармағы, 325-бабы, 1, 3 бөлімдері (ескі редакция) бойынша айыпталуда. «Сотқа дейінгі тергеу органы сотталушы Д.-ға 2013 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкiлеттi адам бола тұра, қызмет бабын пайдаланып, алдау және сенімге кіру жолымен аса ірі көлемде - 9 миллион 885 мың 423 теңге сомасына бөтен мүлікті ұрлады деген айып тағуда», - деді Маңғыстау облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Гауһар Нұрханова. Одан бөлек, сотталушыға ресми құжаттың көшірмесін жасап, оны қасақана қолданды деген айып тағылды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
В Атырау +2