Атырау, 17 мамыр 07:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Димаш Құдайберген қытайша ән орындап, тыңдармандарын тағы таңғалдырды

4 202 просмотра

Фото: xinhuanet.com

Қазірде зор танымалдылыққа ие болған қазақстандық талант Димаш Құдайберген қытайша ән шырқап, тыңдармандарын керемет даусымен ғана емес, қытай тілінде сөйлеу мәнерімен таңғалдырды, деп хабарлайды Baq.kz BNews.kz-ке сілтеме жасап.

«I am Singer 2017» байқауының көрермендері Димаш Құдайбергеннің тағы бір ерекше қасиетіне тәнті болды. Әнші байқаудың төртінші айналымында қытайша ән орындап, тіл тазалығын сақтау қабілетімен қытайлық фанаттарын сүйсінтті.

Оның орындаған әні – гонконгтік әнші Джеки Чуннің «Күзгі наз» туындысы.

Димаштың қытайша ән орындағандағы тіл тазалығын Қытай басылымдары да жоғары бағалап, жарыса жазуда.

Синьхуа қытай порталының хабарынша, әнші қытай тілінде сөйлеудің 8-ші деңгейін көрсеткен.

Димаштың өзі жергілікті тілшілерге берген сұхбатында қатты қобалжып, қытайлықтар оның әнін түсінбей қала ма деп қорыққанын жасырмады.

Дереккөз: Baq.kz

8 ақпан 2017, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.