Атырау, 14 қазан 21:28
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

"Мұнай ұрлау" айыбы бойынша ұсталғандарды қамау мерзімі ұзарды

2 622 просмотра

Ақтөбе облыстық соты "мұнай ұрлады" деп айыпталған ұйымдасқан қылмыстық топқа басшылық жасады делінген күдікті Еркін Ізбасарды қамау мерзімін екі айға ұзартты. Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ізбасармен бірге оның серігі деген 14 күдіктінің де қамау мерзімі 7 наурызға дейін ұзартылған,- деп хабарлады Азаттық.

Соттың баспасөз хатшысы қамалғандар арасында Маңғыстау облысының тумасы А.Сәрсенов, жергілікті "Транзитойл групп" фирмасының басшысы Н.С.Ноғаев, Ресейдің Орынбор облысының тұрғыны А.Сарамбетов, Алматыда тұратын, Беларусьтің Минск облысынан шыққан, "Интер Ойл Экспорт" фирмасы директорының орынбасары болып істейтін адамның барын айтты. Бұл іс бойынша барлығы 20 адам ұсталған.

2016 жылы желтоқсанның басында Ақтөбе мен бірнеше аймақта "мұнай өнімдерін жымқырумен айналысқан" деген күдікке ілінген топтың жолын кесу операциясы жүргізілген. Операциядан соң бірнеше адам ұсталып, бірінші топтағы мүгедек Еркін Ізбасар мен оның күдікті серіктеріне қылмыстық кодекстің "мұнай және мұнай өнімдерін қылмыстық топ құрамында заңсыз иелену, өткізу, сақтау, қайта өңдеу" және "ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру" деген баптары бойынша айыптар тағылған.

Дереккөз: Азаттық

8 ақпан 2017, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.