Атырау, 14 қазан 21:24
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қар көшкініне шаңғышылардың өздері кінәлі - «Қазгидромет» Шымбұлақтағы ТЖ туралы

2 286 просмотра

«Қазгидромет» РМК ресейлік төреші қаза тапқан қар көшкіні туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«7 ақпан күні 14.05-те екі шаңғышының әрекетінен қар көшкіні туындады. 2650 м. биіктіктен құлаған көшкін 2400 м. биіктіктегі кіші Шымбұлақ өзеніне құлаған», - делінген мекеме хабарламасында. «Қар көшкіні шығуға төселген трассадан тыс, рұқсат берілмеген жерде болды. Бұған дейін 2017 жылдың 31 қаңтарында «Қазгидромет» РМК Іле Алатауында 31 қаңтар-1 ақпан күндері қар көшкіні болады деген дауылды ескерту жариялады. Қар көшкіні жағдайына болжам бойынша, 2017 жылдың 6-7 ақпан күндері Қазақстанның таулы өлкелерінде ешқандай қар көшкіні күтілген жоқ», - деп нақтылады «Қазгидромет» РМК.

Еске сала кетсек, 7 ақпан күні сағат 14:06 кезінде Шымбұлақ құтқарушыларына Спартак Алемасов есімді РФ азаматы хабарласқан. Ол таудың батыс бөктерінде трассадан тыс сырғанау кезінде қар көшкіні орын алып, қар құрсауында адам қалғандығын айтқан. Оқиға орнына шұғыл түрде Универсиада нысанын күзетуге жұмылдырылған күштер бағытталды. Жалпы, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің республикалық жедел-құтқару жасағының 50-ге жуық адамы қар көшкіні орнына барды. Сағат 15:23-те құтқарушылар 1986 жылы туған Белослудцев Алексей Николаевич есімді Ресей Федерациясы азаматының денесін қар құрсауынан алып шықты. Сағат 16:14-те іздестіру тобында болған медициналық көмек дәрігерлері реанимациялық әрекеттерден кейін спортшының өлгендігін нақтылады. Ажал құшқан азамат ресейлік Красноярск қаласынан фристайл бойынша делегация құрамында келген және техникалық төреші болған. Марқұмның досы оның қарға із салынбаған тау бөктерін арнайы таңдап отырғандықтарын айтты. Сонымен қатар, олар бұл аумақта сырғанауға тыйым салынғанын біле тұра, фрирайдпен айналысқан.

Дереккөз: ҚазАқпарат


8 ақпан 2017, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.