Атырау, 14 қазан 21:27
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Үкіметте қоғамда дүрбелең туғызған Жер кодексі талқыланады

1 814 просмотра

Бүгін Үкімет отырысында 2016 жылы қоғамда резонанс тудырған Жер кодексі талқыға түседі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Алдымен Елбасының биылғы Жолдауын іске асыру бойынша жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын қараймыз. Ал күн тәртібіндегі өзекті мәселе – жер қатынастары туралы заңнаманы жетілдіру. Өткен жылы осы заңның кейбір баптары қоғамдық резонанс тудырғанын барлығымыз білеміз. Осыған байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев заңды қабылдауға мораторий жариялады. Оны реттеуді жер реформасы бойынша құрылған комиссияға тапсырған болатын. Бүгін өзгерістерді қарап, тиісті шешімдер қабылдауымыз керек», - деді ол.

Бақытжан Сағынтаев аталмыш мәселеде Жер комиссиясы мүшелерінің пікірі ескерілетіндігін атап өтті.

«Осы сұраққа байланысты Жер комиссиясының бірнеше мүшесін шақырып отырмыз. Осы азаматтардың пікірін тыңдап, шешім қабылдаймыз», - деп түйіндеді сөзін Премьер-министр.

Естеріңізде болса, жерді шетелдіктерге жалға беру мәселесі өткен жылдың ең басты оқиғасына айналып, елді дүрліктірген болатын. Осыдан кейін Елбасы арнайы құрылған жер комиссиясының ұсынысын қабылдап, «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.

Дереккөз: Baq.kz

7 ақпан 2017, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.