Атырау, 14 қазан 21:19
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қазақстан жүлделер саны бойынша Универсиадада Ресейді қуып жету мүмкіндігінен айырылды

2 500 просмотра

Ресей құрамасы Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында командалық есепте бірінші орын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі "Р-Спорт" басылымына сілтеме жасап.

Кеше хоккейден Ресейдің қыздар құрамасы финалдық ойында Канада қыздарынан 4:1 есебімен үстем түскен еді. Осылайша, Универсиада ойындарында Ресей құрамасының қоржынына 23-ші алтын жүлде түсті. Ал Универсиада ойындарының қалғанын күнінде 16 жүлде сарапқа салынады. Екінші орында келе жатқан Қазақстан құрамасының еншісінде болса, 10 алтын жүлде бар.

Сондықтан да математикалық есеп бойынша Қазақстан құрамасы Ресейді жүлделер саны бойынша қуып жете алмайды.

Қазіргі уақытта жалпы Ресей құрамасының еншісінде 56 жүлде (23 алтын, 20 күміс, 13 қола) бар. Қазақстанда құрамасында 27 жүлде (10 алтын, 3 күміс, 11 қола) болса, Корея құрамасының спортшылары 17 (8 алтын, 4 күміс, 5 қола) жүлде жеңіп алды.

Дереккөз: Vesti.kz

7 ақпан 2017, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.