Атырау, 14 қазан 21:19
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Джеки Чан Димаш Құдайбергеновке сыйлық жасады

2 528 просмотра

Қытайдың ән байқауында бағын сынап жүрген жас әнші Димаш Құдайбергенов әйгілі актер Джеки Чанмен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz. Бұл туралы отандасымыз инстаграмдағы жеке парақшасында жазды.

Кездесу туралы ұсынысты атақты актер Джеки Чанның өзі бірінші болып жасаған екен. Теледидардан жас таланттың өнеріне тәнті болған киножұлдыз онымен арнайы жүздесіп, естелікке сыйлық тарту етті. Отандасымыз өзіне құрмет көрсетіп, ағалық кеңесін айтқан актерге шапан жауып, қазақтың қара домбырасын сыйға тартты.

«Бүгін менің өмірімде тариxи есте қалатын ерекше күн! Атақты актер Джеки Чан мырза мені теледидардан көріп, кездесуге шақырды! Кездесуде актер маған өзінің эксклюзивті күртешесін және арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартты! Ал мен актерге қазақтың шапанын жауып, домбыраны сыйға тарттым! Домбырамен бір күй шертіп беруімді өтінген Джеки Чанға Нұрғисаның «Әлқисасынан» шашу шаштым! Өз кезегінде актер маған соңғы «Kung Fu Yoga» кинокартинасындағы би қимылдарын үйретті. Бала кезімнен бері келе жатқан сүйікті актерім маған өз ақыл кеңестерін беріп, шығармашылығымды бақылайтынын айтты. Сөз соңында, барша Қазақстан xалқын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әдемі лебіз-тілегін білдірді! Келесі кездесуді асыға күтеміз! Армандар орындалады!..», - жазған жас әнші Димаш әлеуметтік желідегі парақшасында.

Дереккөз: Baq.kz

7 ақпан 2017, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.