Атырау, 14 қазан 21:27
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Ең төменгі күнкөріс деңгейі заман талабына сай емес – Әбілғазы Құсайынов

2 196 просмотра

Фото: Tengrinews.kz

ҚР Кәсіподақтар федерация жұмысшылар арасында қазіргі ең төменгі күнкөрістің деңгейіне қатысты сауалнама жүргізген. Нәтижесінде жұмысшылардың ең төменгі күнкөріс деңгейі заман талабына сай емес екені анықталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аталмыш федерацияның төрағасы Әбілғазы Құсайынов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Көптеген әлеуметтік маңызы бар төлемдерді есептеу кезінде xалықтың ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемі ескеріледі. Аталған көрсеткіш соңғы жеті жылда қайта қаралмады. Елбасының айтуынша, 2018 жылда оны тағы қарастыратын болады. Кәсіподақтар осы проблеманы соңғы бір жарым жыл бойы зерттеп келеміз. Сондықтан Қазақстанның барлық облыстарында сауалнама жүргізіп, 1500-де астам анкеталарды жинап алдық. Осы анкетеларды зерделеу кезінде қазіргі ең төменгі күнкөріс деңгейінің заман талабына сай емес екеніне көз жеткіздік. Жақын арада біз өзіміз анықтаған күнкөріс деңгейін Үкіметтің қарауына ұсынатын боламыз», - деді ол.

Сонымен қатар Әбілғазы Құсайынов ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлеміне қатысты барлық барлық есептер аяқталғаннан кейін ол алдымен Үкіметке жіберілетіндігін атап өтті.

«Бірінші жартыжылдықта біз осы жұмысты аяқтайтын боламыз», - деді төраға.

Естеріңізде болса, биылғы Жолдауында Елбасы:

"Ең төменгі күнкөріс шегін де қайта қарастыру керек. Ол қазақстандықтардың нақты тұтынушылық шығыстарына сәйкес келуге тиіс. Бұл қадам 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы, мүгедектерге және асыраушысынан айрылған отбасыларға арналған жәрдемақы, мүгедек бала тәрбиелеп отырғандарға берілетін атаулы көмек пен жәрдемақы көлемін 3 миллион адам үшін өсіруге мүмкіндік береді" - деген болатын.

Дереккөз: Baq.kz

6 ақпан 2017, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.