Атырау, 14 қазан 21:21
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

ШҚО соты сағыз шайнауды әкімшілік құқықбұзушылық деп таныды

2 545 просмотра

Бородулиха ауданындағы сотта айыпталушының қыр көрсетіп, әдейі сағыз шайнауы сотқа деген құрметсіздік деп танылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. 

Іс материалдарында көрсетілгендей, сот залында айыпталушы «жұрт алдында әдейі сағыз шайнап, сотқа анық құрметсіздік көрсетті». Бұл әрекетті сот әкімшілік құқықбұзушылық деп таныды. Бірақ, ескертумен шектелді. ҚР ӘҚБК 653-бабы «Сотты құрметтемеушілік» ескерту жасауды немесе жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуды не болмаса бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды қарастырады.

Дереккөз: ҚазАқпарат


6 ақпан 2017, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.