Атырау, 14 қазан 21:25
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Ауа-райынан бірнеше облыста жол жабылды

2 132 просмотра

Қазақстанның бірнеше облысында бұрқасын мен жолдың нашар көрінуінен жолдар жабылды. "Қазавтожол" республикалық мекемесінің хабарлауынша, 6 ақпанға қараған түннен бастап Ақтөбе облысында Самара-Шымкент, Ақтөбе-Астрахань,, Ақтөбе-Орск, Ақтөбе-Орынбор жолдарында барлық көлік түрінің жүруіне шектеу қойылған,- деп хабарлады Азаттық.

Батыс Қазақстан облысында қар мен бұрқасынға байланысты Самара-Шымкент жолының 330-526 километрі аралығында, Алматы облысында Талдықорған-Қапал жолының 0-76 километрі аралығында барлық көлік түріне жол жабылған.

Ал Астанада бүгін қатты аяздан мектептерде бірінші ауысымда оқитын бастауыш сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды.

"Қазгидромет" республикалық мекемесінің мәліметінше, Астанада бүгін таңертең ауа температурасы -25 градус аяз болып тұр.

Дереккөз: Азаттық

6 ақпан 2017, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.