Атырау, 14 қазан 21:27
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

I am a Singer байқауы: Димаш Құдайбергенов жалпы есепте бірінші орында келеді

Бейнежазба
2 810 просмотра


Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов I am a Singer конкурсының үшінші кезеңінде үшінші орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Instagram желісінде әншінің PR-менеджері Алпамыс Шаримов сүйіншілеп, хабарлады. Ал жалпы есепте әнші бірінші орында келеді. 

"Сүйінші, Достар! Димаш келесі кезеңге жолдама алды - жалпы есепте 1-орын!", - деп жазды әншінің өкілі.

Сонымен, 3-ші байқау күнінің қортындысы:

Майкл Вонг (46 жас. Малайзия) - 2-ші байқау күні бойынша жарыстан тыс қалды. 
Тиа Рэй (32 жас. Қытай) - 8-орын. Жалпы есеп бойынша байқаудан тыс қалды. 
Тереза Карпио (61 жас. Канада) - 7-орын. Жалпы есепте 7-орын. 
Чжао Ли (31 жас. Қытай) ЖАҢА ӘНШІ - 2-орын. Жалпы есепте 6-орын. 
Чжан Цзе (35 жас. Қытай) ЖАҢА ӘНШІ - 4-орын. Жалпы есепте 5-орын. 
Сэнди Лэм (51 жас. Гонконг) - 6-орын. Жалпы есепте 4-орын. 
Тан Цзин (40 жас. Қытай) - 1-орын. Жалпы есепте 2-орын. 
"Lion" тобы (Тайвань) - 5-орын. Жалпы есепте 3-орын. 
Димаш Құдайберген (22 жас. Қазақстан) - 3-орын. Жалпы есепте: 1-орын.


Дереккөз: Tengrinews.kz

4 ақпан 2017, 22:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.