Атырау, 7 наурыз 09:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25

Майк Тайсонның бапкері қазақстандық боксшы қызға ұсыныс жасады

2 714 рет қаралды

Майк Тайсонды және Артуро Гаттиді жаттықтырған америкалық бапкер Бадди МакГирт 22 жастағы қазақстандық боксшы Фируза Шариповаға кәсімқой бокста әлем чемпионы титулын жеңіп алуына әріптестік ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Оның деңгейі жоғары деп ойлаймын. Ол жасына қарамастан, жақсы жұдырықтасады. Бұл АҚШ-тағы әйелдер боксына тамаша жағдай. Үйреніп, әлем чемпионы атануға мүмкіндігі зор. Мұнда бокстың түрі көп, жұдырықтасудың түрлі мәнері бар, ол мұның барлығын осында, АҚШ-та көріп, әлем чемпионы атануға дайындалуға мүмкіндігі бар", - деді бапкер.

Сонымен қатар, бапкер Фирузаға "Оған айтатыным - еңбектенуге кел, сенімен жұмыс істеймін, АҚШ-қа келгеніңде, әлем чемпионы болуыңа мүмкіндігің бар", - деді МакГрит.

Дереккөз: Vesti.kz

4 ақпан 2017, 12:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.