Атырау, 14 қазан 21:27
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Сағынтаев Білім және Денсаулық министрліктерін тезірек тексеруге тапсырма берді

2 393 просмотра

Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер министр Бақытжан Сағынтаев Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа мемлекет қаржысын тиімсіз пайдаланып отырған органдарды тексеретін арнайы комиссияны тезірек құруға тапсырма берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бюджет қаржысын төмен игерген (министрліктердің – автор) ақшасын қайта бөліп, басқа мақсатқа жұмсау керек. Біз қазына қаржысын тиімсіз игеруге жол бермеуіміз керек», - деді ол.

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасын шұғыл түрде орындау қажеттігін атап өтті.

«Елбасы мемлекет қаржысына қылмыстық және салғырт қарау деректері бойынша арнайы комиссия құруға тапсырма берген болатын. Бақыт Тұрлыханұлы, (Қаржы министрі – автор) комиссия құрамына Президент әкімшілігін қосып, осы мәселе жөнінде ұсыныстар дайындаңыз. Оған бір апта көлемінде уақыт беремін. Мемлекет басшысы айтқандай, тексерісті Білім және Денсаулық сақтау министрліктерінен бастау керек», - деді Үкімет басшысы.

Дереккөз: Baq.kz

4 ақпан 2017, 12:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.