Атырау, 23 желтоқсан 11:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

ҚР Президенті: «СК-Фрамация» - мафия

2 852 рет қаралды

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «СК-Фармация» компаниясының қызметін сынға алды,, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Елдің барлық азаматтары үшін мынаны атап өткім келеді. Мемлекет нормативтік дәрі-дәрмектермен мемлекет есебінен тегін қамтамасыз етеді.  Нормативтік дегеніміз  ғасырлар бойы пайдаланылып келе жатқан дұрыс , тексерілген дәрі-дәрмек дегенді білдіреді. Олар бізде, көршілерімізде шығарылады. Бірақ, нормативтік дәрі-дәрмектің болуына қарамастан 4-5 есе қымбат батыстың дәрісі сатып алынады»,-  деді Елбасы. 

Осы ретте Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов  тегін медициналық көмекті кепілдендірілген көлемі бойынша дәрі-дәрмек бекітілген бағамен сатып алынатындығын, бірақ бөлшек сауда реттелмейтіндігін айтты. Осыдан кейін Қазақстан Президенті «СК-Фрамация» компаниясы қызметіндегі кемшіліктерге тоқталды. Фрамация  мемлекет ақша беріп, сол ақшаны сатып алуларға жұмсайтын бірыңғай дистрбьютер. Бұл мафияға айналған. Олар фармациевтикалық фабрика салуға да  мүмкіншілік бермейді. Қазір өзімізді қанша дайын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеміз? 50 пайыз болсын деп тапсырма беріп едім ғой»,-  деп сұрады Президент Денсаулық сақтау министрінен. 

«Жалпы, мемлекет тарабынан бөлінген ақшадан 30 пайызы өзіміздің өнімге жұмсалады. Жыл сайын көбейіп келеді. Бірақ, 30 пайыздан аспадық», - деді министр. 

Ал қазір фармфабрикалар саламыз деген бизнесмендер келеді, жібермейді. Жер бермейміз, тапсырыс бермейміз, дәрілеріңді сатып алмаймыз деп айтады.  Себебі ана жақтан, Австралиядан, Америкадан келісімшарт жасап қойдық. Міне осы келісімшарттың артында біреулер тұр. Содан пайда алып отыр. Отандық фармацевтика саласын дамытқысы келмейді. Біз осыны сындыра аламыз ба, жоқ па? Қазір «Фармацияда» отырғандардың бәрін қуып жібер. Жаңа адамдар қойып, ақшаның қайда жұмсалатын шешіңдер. Жаңа адамдар алыңдар. Мен мұны бірнеше жыл бойы айтып келемін. Ештеңе шықпай жатыр. Орнынан қозғау мүмкін емес, біреулер отыр.  Оларды кім қолдайды? Біртанов, бұл үшін сен жауап бересің», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат


3 ақпан 2017, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.