Атырау, 14 қазан 19:22
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

БҚО-да теріс қылық жасаған полиция қызметкері жұмыстан шығарылды

3 185 просмотра

Бұдан бұрын ғаламтор желілерінде БҚО-ның Ақсай қаласында полиция қызметкерінің теріс қылық жасағаны жөнінде бейнеролик тарап кеткен болатын. 

Соған байланысты жүргізілген қызметтік тергеу нәтижесі бойынша қызметтік тәртіпті, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексін өрескел бұзғаны үшін «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңының 80-бабы 1-бөлімі 12-тармағына (қызметтік тәртіпті өрескел бұзу) және 13 тармағына (құқық қорғау органдарының атына нұқсан келтіретін әрекет жасау) сәйкес Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметі жол-патрульдің полиция взводының полицейі ішкі істер органдарынан шығарылды.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жеке құрам арасында тәрбие жұмысын жүргізбегені үшін аудандық ішкі істер бөлімі және БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің басшылығы қатаң тәртіптік жазаға тартылды. 

Айта кетейік, аталған қызметкер жұмыстан шығып, танысына кездесіп, арақ ішкен. Содан кейін мас күйінде тұрғын үйлердің ауласында дәрет сындырған әрі жолға жатып қалған.

Дереккөз: ҚазАқпарат


3 ақпан 2017, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.