Атырау, 14 қазан 19:23
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Ұлттық банк ісіне араласатындарды жазалау қажет - Назарбаев

2 675 просмотра

Ұлттық банктің ісіне араласу елдің қаржылық жүйесі ісіне араласу деп санап, жазалау керек. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Ұлттық банк өткен жылғы өте ауыр кезеңде сауатты жұмыс істеді деп санаймын. Қазір мен  заңнамалық әдіспен банк мүмкіншіліктерін күшейту тапсырмасын бердім. Мұндай құқық беру қажет. Ұлттық банктің ісіне араласу елдің қаржылық жүйесі ісіне арасу деп санап, жазалау керек. Ұлттық банк тәртіпке келтіре бастаса, Ұлттық банк төрағасына шабуылдың да күшейе түсетіндігін байқап отырмын. Мен оны (Ұлттық банк төрағасын) 100 пайыз қолдаймын», - деді Президент.    

Елбасы Ұлттық банкке мұндай қысымды акционерлер мен демеушілер жасайтындығын атап өтті. «Ешкімнен қорықпа. Газеттер мен журналистер емес, олардың қожайындары кінәлі. Тәртіпке келтіруге кедергі келтіретін қожайындарға шара қолданамыз. Банктер әлсіз. Небәрі 4 банк қана банктердің 80 пайыз активтерін ұстап отыр. Қалған 26-сында 1 пайыз да жоқ. Әлемде дағдарыс орын алған кезде Шейл мен Бритиш газ сынды ірі компаниялар бірікті. Біріксін немесе акционерлер банкті сақтап қалғысы келсе қаржы құйсын. Банктерді сақтап қалудың басқа жолы жоқ», - деді Назарбаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

3 ақпан 2017, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.