Атырау, 23 желтоқсан 10:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Екі өңірдің басқарма басшылары пара алғандарын мойындады

1 570 рет қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының басқарма басшылары пара алғандарын мойындады. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы саласындағы жүйелі түрдегі құқықбұзушылықтарды анықтады. Қол астындағы қызметкерлер мен кәсіпкерлерден пара алған Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылық басқармасының жетекшісі М.Оңғарбеков және Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Қадыр әшкереленді.  Аталған лауазымды тұлғалар өз айыптарын толықтай мойындады», - делінген хабарламада. 

Өтінішхаттары бойынша Ұлттық бюро М. Оңғарбеков пен М.Қадырға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жеделдетілген тәртіпте жүргізетін болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

3 ақпан 2017, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.