Атырау, 3 мамыр 15:48
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Бюджет қаржысын игере алмаған ведомстоваға ақшаны азайту керек – Назарбаев

2 408 просмотра

Игере алмаған ведомствоға берілетін қаржыны азайту керек. Бұл туралы ҚР Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов өткен жылы бюджеттің орындалуы 98,2% құрағандығын атап өтті. Оның айтуынша, жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджет бойынша 110 млрд теңге үнемделген. Алайда 36 млрд теңге игерілмеген.
Осы жерде министрдің сөзін Мемлекет басшысы бөліп, қаржыны игере алмаған министрліктерге бөлінетін ақшаны азайту қажеттігін қадап айтты.

«Ақшаның игерілуі деген термин бар. Жыл бойына ақшаны алмай келеді. Ал жылдың аяғына келген сен оны (ҚР Қаржы министрі – ред.) «ақша игерілмеді» деп айтпасын деп қараша, желтоқсан айында қаржыны қайтадан жан-жаққа шашасың.
Сондықтан игерілмеген жердегі ақшаны алып, оны басқа жерге аудару керек. Бюджет ақшасын алу үшін әрбір министрлік келіп, бізге беріңдер дейді. Демек олардың бұл ұсыныстары орынсыз болғаны ғой. Егер ақшаны (министрлік- ред) игере алмаса, оны сол қаржыны тиімді игеретіндерге беру керек. Болды. Оларды игер деп талап қоюдың қажеті жоқ.
Ал, келер жылы ол ведомствоға бөлінетін қаржыны азайту керек. Сонда олар қаржыны игеретін болады. Сен мейірімдісің. Барлығына бере-бересің», - деді Елбасы.

Айта кетейік, 2016 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ өсімі 2015 жылмен салыстырғанда 1,0% құрады. Экономиканың өсіміне құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік және өңдеу өнеркәсібі сияқты секторлар оң ықпал еткен.
2017 жылдың 1 қаңтарында елдің халықаралық резервтері 90,8 млрд долларды, ал ұлттық банктің алтын валюта активтері 29,8 млрд долларды құрады.

Дереккөз: Baq.kz

3 ақпан 2017, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.