Атырау, 23 желтоқсан 09:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Универсиадаға келуі тиіс 28 мың турист әлі жете алмай жатыр

1 448 рет қаралды

Алматыдағы 28-ші қысқы Универсиада ойындарының бүгінгі төртінші күні. Бірақ студенттер арасындағы дүбірлі додаға шетелден 2 мың ғана турист келіп үлгерген. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Негізі ұйымдастырушылар 30 мың турист келеді деп күткен еді.

Кеше ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі статистикалық деректер келтірді. Сәрсенбі күнгі мәлімет бойынша Алматыға 66 мемлекеттен 2100 турист келген. Ал қалған 28 мың турист неліктен кешігіп жатқаны әзірге белгісіз. Жалпы, олардың Алматыға келу-келмеуі де белгісіз. Универсиаданың аяқталуына 7 күн қалды. Ұйымдастырушылар Универсиада басталғанша әлемнің түкпір-түкпірінен 30 мың турист келеді деп мәлімдеген еді. Соған қарағанда бұл болжамдары жүзеге аспайтын тәрізді.

Дереккөз: КТК

2 ақпан 2017, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.