Атырау, 20 сәуір 08:04
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жемқорлар айыппұлдың басым бөлігін төледі - Жоғарғы сот

2 832 просмотра

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулиннің айтуынша, өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер бойынша сот өкілдері 3 млрд. теңгеге жуық айыппұл салды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Бүгінде күшіне енген сот үкімдерінің 84 пайызы орындалып, кінәлі азаматтар ол ақшаны бюджетке төлеп берді. Қалған сома бойынша сот үкімдері әлі күшіне енген жоқ», - деді Раxметуллин бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында. 

Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан соттарында қаралған қылмыстық істердің саны артты. Дегенмен, бүгінде екі жақтың ымыраға келіп, қылмыс жасағандарды жиі босата бастады. Былтыр сотттарға түскен 16 529 қылмыстық іс тоқтатылып, 18 854 адам жазадан құтылды. «Олардың барлығы зардап шеккен жақпен ымырыға келіп, шығынды толығымен өтеді. Сөйтіп, ақтау үкімдерінің саны 19,2 пайызға артып отыр. Осының өзі сот төрелігін жүзеге асыру барысында адамды қамауға алу шараларының азайып келе жатқанын көрсетсе керек», - дейді Раxметуллин.

Дереккөз: ҚазАқпарат

1 ақпан 2017, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.