Атырау, 3 мамыр 10:27
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

БҰҰ Сирия мəселесі жөнінде техникалық кездесуді Астанада өткізбек

1 765 просмотра

Астанада өткен Сирия мəселелері жөніндегі келіссөздер жақсы нəтиже берді. Бұл туралы Қауіпсіздің кеңесіндегі брифигтен кейін БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы елшісі Стаффан де Мистура мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Астана процесіне 13 оппозициялық топ қатысып, оқ атуды тоқтату  режимін қалдыратын тетіктер пайда болды. Оның үстіне, осы тетіктің орындалуына Ресей, Түркия жəне Иран елдері кепіл болды. БҰҰ арнайы елшісінің айтып отырған нəтижелері осы еді. 

Арнайы елшінің айтуынша, 6 ақпан күні Астанада БҰҰ-ның қатысуымен жоғарыда айтқан жаңа тетіктің жұмысына қатысты техникалық кездесу өтеді, деп жазып отыр БҰҰ Жаңалықтар орталығы. Стаффан де Мистура Қауіпсіздік кеңесіне 8-20 ақпан аралығында Женевада өтеді деп жоспарланған сирияаралық кездесулерді кейінге шегеруді ұсынды.

«Біріншіден, Астанада айтылған бастама жүзеге асуы үшін уақыт бергіміз келеді. Яғни, оқ ату режимін тоқтату тұрақты сипатқа ие болуы керек. Екіншіден, үкіметтік делегацияға керек жерде ымыраға келіп, пікірталасқа дайындалу үшін мүмкіндік бергіміз келеді. Үнемі өзгеріп отыратын жағдайды ескерсек, оппозиция да бір ымыраға келетін уақыт пайда болады», - деді ол. Арнайы елші атап өткендей, егер оппозиция бірыңғай делегация құра алмаса, Стаффан де Мистура қарулы топтардың арасынан келіссөздерге қатысатын адамдарды өзі таңдап алады. Алдағы келіссөздердің күн тəртібі туралы сұраққа жауап берген арнайы елші мемлекеттік басқару, конституция мен сайлау мəселелерін атап көрсетті.

Дереккөз: ҚазАқпарат


1 ақпан 2017, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.