Атырау, 23 желтоқсан 09:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Толассыз жауған қарға байланысты «Шымбұлақтағы» тау шаңғы сайыстары тоқтатылды

2 208 рет қаралды

Алматыда өтіп жатқан Универсиаданың ұйымдастырушылары толассыз жауып жатқан қарға байланысты «Шымбұлақта» өтетін тау шаңғы сайыстарының уақыты өзгертілгенін хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат тілшісі. 

«31 қаңтарда, сағат 10:00-дегі қыздар арасындағы тау шаңғы сайыстарының уақытын толассыз жауып жатқан қарға байланысты өзгерту туралы шешім қабылданды. Өзгерген уақыты туралы қосымша хабарланады». 

Ескерте кетейік, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасай отырып, Іле Алатауында қатты жауын-шашынның (қар аралас жаңбыр) әсерінен және қар жамылғысының биік болуына байланысты 31 қаңтар, 1 ақпан аралығында қар көшкіні жүруі ықтимал екенін ескерткен. 

«Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК филиалының 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 7 дауылды алдын ала ескертуін негізге ала отырып, Іле Алатауында қатты жауын-шашынның әсерінен және қар жамылғысының биік болуына байланысты 31 қаңтар  1 ақпан аралығында қар көшкіні күтіліп отырғанын ескертеді», делінген хабарламада. 

Дерекккөз: ҚазАқпарат


31 қаңтар 2017, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.