Атырау, 3 мамыр 18:25
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Универсиада-2017: Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы белгілі

1 909 просмотра

Бүгін Алматыда басталған XXVIII қысқы Универсиада ойындарының алғашқы жарыс күні өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Baq.kz.

Бірінші күннің қорытындысы бойынша Қазақстан бесінші орынға тұрақтады. Ал көш басында Ресей құрамасы тұр. Солтүстік көршіміз 9 медаль еншілеп үлгерді. Оның ішінде төртеуі алтын. Сондай-ақ 4 күміс, бір қола бар. Екінші орында Қытай құрамасы (2 алтын, 1 қола). Үздік үштікті Польша қорытындылады (1 алтын, 1 қола). Бір алтыны бар Италия төртінші орынға жайғасқан. Бесінші орындағы Қазақстан 1 күміс, екі қола жеңіп алды.

Айта кетейік, күмісті фристайлшы Жанбота Алдабергенова иеленсе, қола жүлдеге Жібек Арапбаева, Анна Шевченко қол жеткізді.

Дереккөз: Baq.kz

30 қаңтар 2017, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.