Атырау, 3 мамыр 13:06
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Назарбаев Универсиаданың ашылу салтанатына кіммен келді?

1 598 просмотра

Фото: wam.ae

28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының арнайы қонағы Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-премьері, президент істері министрі Мансур ибн Зайд ан-Нахайян болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ашық дереккөздердің мәліметінше, Шейх Мансур 1970 жылдың 20 қарашасында дүниеге келген. Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-премьері және президент істері министрі. Абу-Даби әмірлігінің басқарушы корольдік отбасының мүшесі. Дубай билеушісі шейх Мохаммед әл-Мактумның қызын алған. Сондай-ақ, оның Virgin Galactic және Sky News Arabia компанияларында үлесі бар әрі БАӘ Халықаралық мұнай инвестициялық компаниясын басқарады.


Сондай-ақ, шейх Мансур City Football Group компаниясының басшысы, бұл компанияға "Манчестер Сити", "Мельбурн Сити" және "Нью-Йорк Сити" футбол клубтары кіреді. "Әл-Жазира" спорт қоғамын басқарады. Бұл қоғамда футбол, волейбол, гандбол және баскетбол клубтары бар.

Дереккөз: Tengrinews.kz

30 қаңтар 2017, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.