Атырау, 3 мамыр 15:49
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кіріс 531 млрд теңгені құрады

2 520 просмотра

2016 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кіріс 531 млрд. теңгені құрады. Осылайша, өткен жыл бойы БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері бойынша орташа алынған ай сайынғы кіріс 44,3 млрд. теңге деңгейінде болды, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ. Пірматов мәлімдеді.

Қаржы реттеушісінің өкілі 2016 жылғы 12 айда зейнетақы активтерінің 848,7 млрд. теңгеге 6,7 трлн. теңгеге дейін ұлғайғанын атап өтті, бұл ретте бұл өсімнің 62,6%-ын алынған инвестициялық кіріс құраған.

Ғ.Пірматовтың ақпараты бойынша, 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 6 685,3 млрд. теңге болды, оның ішінде:

5 334,9 млрд. теңге (80%) мөлшеріндегі зейнетақы жарналары;

1 350,4 млрд. теңге (20%) мөлшеріндегі инвестициялық кіріс.

«БЖЗҚ» АҚ құрылған сәттен бастап сақтандыру ұйымдарына аударымдарды қоса алғанда, салымшыларға төленген зейнетақы төлемдерінің көлемі 410,6 млрд. теңге болды.

Ғ.Пірматов инвестициялық кірісті есептеу күн сайын жүзеге асырылатынын хабарлады. Оның шамасы мынадай қаржы құралдары – облигациялардан, депозиттерден және акциялардан тұратын инвестициялық портфельдің құрылымына байланысты болады. Сондай-ақ, тәуекелдерді төмендету мақсатында зейнетақы активтерінің бір бөлігі шетел валютасында шығарылған бағалы қағаздарға инвестицияланған. Инвестициялық кіріс сомасы бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау, шығарылған бағалы қағаздар бойынша есептелген сыйақы, шетел валютасы бағамдарының өзгеруі және басқа да факторлар нәтижесінде қалыптасады.

ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңында салымшы зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленген кезде инфляцияның деңгейін есепке ала отырып, нақты енгізілген зейнетақы жарналарының (міндетті, міндетті кәсіптік) сақталуы бойынша мемлекеттік кепілдік көзделгенін де еске салды.

Дереккөз: Baq.kz

30 қаңтар 2017, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.