Атырау, 3 мамыр 13:43
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Қазақстан Сирияға 500 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтті

2 260 просмотра

Көрнекі сурет

Алматы. 30 қаңтар. ҚазТАГ – Тартус қаласы портындағы Сирия билігіне Қазақстаннан 500 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтілді, деп хабарлады ТАСС агенттігі.

Сириядағы ресейлік авиациялық топтың материалды-техникалық қамтамасыз ету штабының өкілі Сергей Гречко журналистерге хабарлағандай, көмек ресейлік тараптың ықпал етуімен көрсетілген.

«Қазақстан Республикасынан келген гуманитарлық көмек Тартус портына Ресей Федерациясының ӘТФ қосымша кемелерімен жеткізілді», - деді ол.

С.Гречконың айтуынша, Қазақстан Сирия халқына шамамен 500 мың тонна гуманитарлық көмек жөнелткен, соның ішінде ұн, ет консервілері, күріш, макарон өнімдері және шәй бар.

«Бұл азық-түлік әскери амалдардан барынша көп зардап шеккен провинциларға бөлініп беріледі», - деп түсіндірді ол.

Бұл ретте, Тартус провинциясы губернаторының орынбасары Мухаммад Джари көмектің Алеппо, Латакия және Тартусқа жөнелтілетінін айтты.

«Алеппода содырлар үш жыл болды, босқындар көп, ал гуманитарлық көмек пен азық-түлік жоқ, ал бұл өте маңызды. Барлық қалада босқындар көп, олар көмек пен тамақ күтіп отыр», - деді ол.

Гуманитарлық көмектің бөлінуін Сириялық арабтық Қызыл Жарты ай қадағалайды.

Ұйым өкілі Фирас Карам мәлімдегендей, бұған дейін Сирияға гуманитарлық көмекті Ресей мен Қазақстаннан басқа Әзірбайжан, Армения, Белоруссия және Сербия жіберген.

Дереккөз: ҚазТАГ

30 қаңтар 2017, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.