Атырау, 14 қазан 17:24
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

БЖЗҚ миллиардтаған шығынға ұшырағанын мойындады

1 655 просмотра

БЖЗҚ миллиардтаған шығынға ұшырағанын мойындады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 9 миллиард теңге шығынға ұшыраған. Қордағылар мұны әдеттегідей теңгенің құнсыздануымен түсіндірген.

Басшылары 5 миллиард теңгені талан-таражға салды деген күдікпен ұсталған Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры сеніп тапсырылған қаржыны тағы да ұқсата алмады. Елдегі ең маңызды активке ие болып отырғандар жұрттың жиып-тергенін ұлғайтудың орнына бір айда ғана миллиардтап шығын көрген. Ал сәтсіз инвестициялар компанияның жеке шотынан емес, зейнетақы есебінен жасалыпты.           

"Яғни, зейнетақыны инвестициялаймыз деп мекеме желтоқсанда 33 миллиардқа және тағы 2 миллиардқа шығынға батқан. Артынша 26 миллиард теңге инвестициялық табыс тапқанымен, шығын 9 миллиард теңгеге бір-ақ жеткен", дейді телеарна тілшісі.

ҚР Ұлттық банкі басқарма басшысының орынбасары Нұржан Нұрғазиннің айтуынша, өткен жылдың желтоқсан айында зейнетақы активтерін инвестициялаудың нәтижесі аса табысты болмады. "9 млрд теңге шығын болды. Бұл құнды қағаздардың құнсыздануы мен доллар бағамының бақандай 8 теңгеге қымбатауы салдарынан болып отыр. Десе де, жалпы жылдық инвестициялық табыс бұдан азайып қалған жоқ. Ол бүгінде 531 миллиард теңгені құрайды", - деді ҚР Ұлттық банкі басқарма басшысының орынбасары.

Телеарна мәліметінше, осы айдың ортасында ғана алматылық салымшылар зейнетақы жинақтарындағы ақшаның азайғанын айтып дабыл қаққан. Алайда Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорындағылар инвестициялық табыс бірде көбейіп, бірде кеміп отырады деп оған көп мән бермеуге шақырған болатын. 

Дереккөз: КТК 


28 қаңтар 2017, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.