Атырау, 14 қазан 17:19
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Жұмақанов наразылық акцияларына қатысты пікірін білдірді

2 292 просмотра

Қазақстан Президентінің көмекшісі - ҚР ҰҚК хатшысы Владимир Жұмақанов (суретте) наразылық акцияларына қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Былтыр біз өтініштердің төмен деңгейде қаррастырылуының қандай жағдайларға алып келгенін көрдік. Адамдар толық әрі нақты жауап алмағандықтан, осындай әрекеттерге барады. Оларға наразылық шараларын ұйымдастыруға тергеу жұмыстарының бастапқыдан нашар жүргізілуі себеп болды", - деді Жұмақанов Бас прокуратураның алқа отырысы барысында.

Сондай-ақ, Жұмақанов әр мәселені мұқият және әділ қарастырудын маңыздылығына назар аударды.

"Наразылық акциялардың бірнешеуі құқық қорғау органдарының аумағында болып, қоғам арасында үлкен шу шығарды - өзін-өзі өртеп жіберу, аштық жариялау. Адамдар прокуратурадан шындықты күтеді. Сіздер қажетті өкілеттегі бар инстанция болып саналасыздар. Әрбір мәселені мұқият әрі әділ қарастыру және қажетті қатаң шараларды қолдану аса маңызды", - деді Президент көмекшісі.

Дереккөз: Tengrinews.kz

27 қаңтар 2017, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.