Атырау, 14 қазан 17:20
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Жақып Асанов: Біз әлі күнге қылмыскерді «дубинкамен» қуып жүрміз, ал АҚШ-та – Big Data

2 437 просмотра

Бас прокуратура қылмыстық процесті жеңілдету әрі жеделтеу үшін жаңа теxнологиялар енгізетін болады. Бұл туралы Бас прокурор Жақып Асанов айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Біздің биылғы жылғы басты міндеттеріміздің бірі – жаңа теxнологияларды енгізу. Қылмыстық процесті жеңілдету және жеделтеу үшін электронды форматқа ауысу керек. Осы жағдайға тоқталайықшы. Мысалы, қылмыскерді қолынан ұстап алдық. Кінәсін мойындады. Куәгерлер бар. Соған қарамастан 15 күн тергеледі. Одан соң 3 күн прокурор істі зерттейді, сотқа тағы 20 күн қажет. Осының бәріне 40 күн уақыт кетеді екен.Осы күндер аралығында жәбірленуші, күдікті, куәгер – бәрі де әр кабинетке кіріп есік тоздырады. Қайта-қайта тергеу, дәлізде сағаттап күту, осының бәрі адамдардың жүйкесін жұқартады», -дейді Бас прокурор.

Қадағалаушы мекеме басшысының пікірінше, электронды форматқа көшу ашықтықты қамтамасыз етеді. Құжаттарды беру мен алу мерзімін қысқартады. Пошталық шығындар мен қағаз тасуды азайтады. Осы іске қатысы бар азаматтар қылмыстық істердің электронды түрде жүргізілуі мен тергелуін онлайн режимде бақылай алады.

«Киберлік дәуірде прокуратура жаңа теxнологияға жақын болуы тиіс. Біз әлі күнге «дубинкамен» қылмыскерді қуып жүргенде, АҚШ құқық қорғаушылары Big Data (Биг Дата) теxнологиясымен қылмыстың қайда және қашан боларын алдын-ала біліп отырады», - дейді Жақып Асанов.

Дереккөз: Baq.kz

27 қаңтар 2017, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.