Атырау, 14 қазан 17:23
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қазақстанның шетелдегі 56 миллион доллар активіне тыйым салынды

1 963 просмотра

Қазақстанның шетелдегі 56 миллион доллар активіне тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның алқа отырысында бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко айтты.

"Төртінші жоба шетелдегі активтерді іздестіру мен қайтару процесін түбегейлі жетілдіре алады. Кез келген ел үшін бұл өзекті мәселе. Мұнда шығындар миллиардтаған доллармен есептеледі. Бұл жағдайда бізге БҰҰ сарапшылары мен Литваның, АҚШ-тың, Израильдің және Ұлыбританияның Дүниежүзілік банкі көмектеседі. Біз сарапшылармен 186 тергеуші мен прокурорды елімізге активтерді қайтару мен тыйым салу жайлы оқыттық. Жалпы, бүгінде шетелде Қазақстанның 56 миллион доллар активіне тыйым салынды", - деді Кравченко.

Дереккөз: Tengrinews.kz

27 қаңтар 2017, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.