Атырау, 14 қазан 17:23
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Сот Лилия Рахты бостандыққа шығарды

2 170 просмотра

Сот Лилия Рахты бостандыққа жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан. 

Апелляциялық сот алқасы Алмалы аудандық соты шығарған басты сот үкімін өзгертіп, Лилия Рахты қылмыстық жауапкершіліктен босатты. 

«Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2016 жылдың 10 қарашасында шығарған Лилия Рах, Мири Паз, Бақыт Шалбаев, Ислам Мисировқа қатысты Үкімі өзгертілсін. Лилия Рахқа қатысты сот Үкімі ҚР ҚК-нің 2-бабы 68-бөлігі бойынша тараптардың медиация тәртібі арқылы татуласуына байланысты өзгертіліп, дереу босатылсын», - деді судья Қараманов. Айта кетейік, Бақыт Шалбаев пен Ислам Мисировқа қатысты жаза тағайындау бойынша сот Үкімі өзгеріссіз қалдырылды. 

Сот Мири Пазға қатысты сот жәбірленушінің жаза тағайындауды күшейту бойынша талабын қанағаттандырмай, басты сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. Сонымен қатар, сот сотталушылардың мүлкін тәркілеуге қатысты сот үкімін тоқтатты. Апелляция алқасы Мири Паздың жәбірленуші Сувановтың өзін қылмыстық жазаға тарту жөніндегі өтінімін қанағаттандыруға негіз жоқ екенін айтты. Өйткені Паз Сувановты жалған куәлік берді деп айыптаған болатын. 

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 10 қарашасы күні сот үкімімен Лилия Рах ҚР ҚК 125-бабының 2-бөлігі, 1, 8-тармақтарындағы қылмысты жасағаны үшін (жеке мақсаттары үшін адамдар тобымен алдын ала сөз байласа отырып адам ұрлау) айыпты деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Іске қатысты айыпталушылар: Паз, Шалбаев және Мисиров ҚР ҚК 125-бабының 2-бөлігі, 1, 3, 8-тармақтарындағы қылмысты жасағаны үшін (адам ұрлау) кінәлі деп танылған. Сот үкімімен Паз 7 жыл 6 айға, Мисиров пен Шалбаев әрқайсысы 8 жылға сотталған. Белгілі кәсіпкер Лилия Рах 2016 жылдың 27 шілдесінде Алматыда тұтқындалған болатын.    

Дереккөз: inform.kz 

26 қаңтар 2017, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.