Атырау, 14 қазан 17:20
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Парламентке бір мандатты депутаттың қажеті жоқ - Перуашев пікірі

1 737 просмотра

Фото: Kapital.kz

Парламентке бір мандатты депутаттың қажеті жоқ. Мұндай пікірді бүгін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Мәжіліс депутаты Азат Перуашев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   

«Бұл партияны әлсіретудің жолы ғана. Менің тәжірибемде бір мандатты округтен сайланған әріптесім болды. Бұл шоғырланған дауыс деңгейінің төмендеуіне әкелді. Әрбір депутат өз пайымынша дауыс берді. Дегенмен, бұл жүйенің өзіндік басымдығы да бар. Бірақ, бұл жүйеде партиялық тізім қалыптастырудағы партия рөлінің құлдырауына әкеп соғады.  Мен керісінше партияның рөлін арттыру қажет деп санаймын. Өйткені, сол кезде бәсекелестік туындайды. Жекелеген депутаттық құрамда біз кейбір мәселелер бойынша дауласа аламыз. Стратегиялық үлкен бағдарламалар бойынша дау туындамайды. Бүгінде бізде бір үлкен партия мен 2 парламенттік азшылық фракция бар. Бізге өз ұстанымызды қорғау оңайға соқпайды. Ал бір мандатты округ болса, онда бір партия мен қалғандары жеке-жеке болмақ», - деді ол. 

Сонымен қатар Перуашев БАҚ өкілдерінің  Парламент  депутаттары тізімін сайлау өткеннен кейін емес оған дейін жасақтауға не кедергі деген сауалына да жауап берді. 

«Сайлау басталар кезде бірде-бір партия қанша мандатқа ие болатындығын білмейді. Партия мандат алғаннан кейін ғана оны бөледі. Менім тізімімде көптеген құрметті адам болуы мүмкін. Бірақ, мен құрметті адамдардан бөлек түрлі өңірді немесе экономика салаларын білетін адамдардың да болғанын қалаймын. Мәселен, 4 адамнан машина жасау және банк саласында, бір адамнан жеңіл өнеркәсіп пен сауда саласында мықты болуы мүмкін. Банк саласында төртеуі де мықты болса да мен жеңіл өнеркәсіптен тағы біреу алуым керек», - деді Перуашев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

26 қаңтар 2017, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.