Атырау, 14 қазан 17:18
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Мерзімінен бұрын парламенттік сайлауға негіз жоқ - сенатор Громов

1 659 просмотра

Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізу қарастырылып отырған жоқ. Бұл жайында ҚР Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу бастамасы бойынша пікір білдірген Сенат төрағасының орынбасары Сергей Громов (суретте) мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Мерзімінен бұрын сайлау өткізу үшін қандай негіз бар? Меніңше, ешқандай да себеп жоқ. Үкімет отставкасы жарияланбады, өз кезегінде Парламент Үкіметке сенімсіздік танытпады. Бүгінде өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша конституциялық өзгерістер сайлауды жариялау үшін түпкілікті өзгерісті меңзеп тұрған жоқ. Қандай да бір сайлау жасауға  ешқандай да бір мақсаттылықты көрмей отырмын. Сондықтан қазіргі таңда мұндай қадам үшін қажеттілік болмай тұр», - деді Громов. 

Бұдан бөлек ол өкілеттіктерді бөлу мәселесіне тоқталды. Депутаттың пайымынша, бүгінде Президенттен Парламентке берілетін өкілеттіктер лайықты қадамдар болып отыр және парламентарийлер оған даяр. 

«Ал Үкіметке қосымша өкілеттік берілсе, министрлер кабинеті жауапкершіліктің артқанын сезінеді, сондай-ақ оны міндетті орындауға жауапты болады», - деді ол тілшілер сауалына жауап беру кезінде. 

Сонымен қатар Громов екі палатадан тұратын Парламент биіліктің ең оңтайлы тармағы екенін атап өтті. «Қос палата заңдардың сапалы түрде қабылдануын қамтамасыз етеді. Атап айтқанда,  төменгі палата ескермеген жағдайларды жоғары палата түзете алады. Сондықтан заңдар сапалы болып, халыққа қызмет етуі үшін тағы бір сүзгіш ретінде осындай жоғары палата қажет», - деді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат

26 қаңтар 2017, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.