Атырау, 14 қазан 17:27
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Мұхтар Тайжан: Қазақстан демократиялану жолын жария етті

3 112 просмотра

Б.Тайжан атындағы қордың басшысы Мұхтар Тайжан Мемлекет басшысының билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу мәселелері жөніндегі үндеуіне қатысы пікір білдіре келе Президент өкілеттерін Үкімет пен Парламентке беру дұрыс екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Қазақстанда парламент пен Үкімет рөлін ұлғайту арқылы демократиялану жолын жария етті. Мұндай бастаманы қолдамауға болмайды. Бізде жоғары президентті республика болған еді.  Мен президенттік өкілеттіктерді Үкімет пен Парламентке беру дұрыс деп санаймын. Мұндай тәжірибе әлемде кеңінен тараған. Үкімет Парламент алдында жауап беруі тиіс. Ал Парламент басқа болуы қажет. Сайлау болуы тиіс, онда кемінде жартысы мажоритарлық жүйе бойынша, келесі пропорционалды жүйе арқылы қалыптасуы керек. Мұндай Парламент алдында Үкімет жауап берсін», - деп мәлімдеді Мұхтар Тайжан. 

Айта кетейік, кеше ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық телеарналар арқылы билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін жария етті. Онда Президенттің  әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беру, Үкіметті жасақтауда Парламенттің рөлін күшейту қарастырылған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

26 қаңтар 2017, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.