Атырау, 2 мамыр 10:01
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Елімізде тіркелмеген телефондар бұғатталады

2 506 просмотра

Қазақстанда IMEI-код бірыңғай базасына тіркелмеген телефондарды бұғаттау басталады. Бұл туралы Kcell және Beeline баспасөз орталықтары хабар таратып отыр, деп хабарлайды Baq.kz.

«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес телефондардың идентификациялық кодын (IMEI) міндетті түрде тіркеу бекітілді. Қазір Қазақстанда IMEI-кодтардың бірыңғай деректер базасын құру жүйесі қолға алынуда. Kcell мен Beeline баспасөз орталықтары хабарлағандай, Ақпарат және коммуникация министрлігі мен байланыс операторлары жиын өткізіп, бұл мәселені талқылаған.

«2016 жылғы 22 желтоқсандағы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңының «Байланыс туралы» Заңына сәйкес ұялы телефон операторлары IMEI-кодтардың бірыңғай деректер базасын құру бойынша жұмыстарды 2017 жылдың қаңтар айында бастады» - дейді Kcell баспасөз қызметі.

Осы заңға сәйкес ұялы байланыс операторлары тіркелмеген телефон абоненттерін 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап бұғаттайды.

Дереккөз: Baq.kz

25 қаңтар 2017, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.