Атырау, 2 мамыр 12:43
 ашықВ Атырау +24
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Рақымшылыққа байланысты Қазақстан түрмелерінен 25 адам шықты

2 268 просмотра

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру аясында республиканың жабық мекемелерінен 25 адам бостандыққа шықты, тағы 14 адам бас бостандығын шектеумен байланысты емес жазаларын өтеуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР ІІД Қылмыстық атқару жүйесі (ҚАЖ) комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында Мемлекет басшысының бастамасымен енгізілген Рақымшылық туралы заңға қол қойылған сәттен бастап, ҚАЖ мекемелерінде және пробация қызметтерінде материалдарды сотқа жіберу туралы қауырт жұмыс басталып кетті. 2017 жылдың 24 қаңтары күні сегіз мыңнан астам материал қарауға жіберілді. Сонымен бірге, ҚАЖ мекемелерінен сотқа түскен екі мыңға жуық материал абақтыдан босатуды, жаза мерзімін 1/2, 1/4 және 1/5 бөліктеріне қысқартуды және бас бостандығынан айыру мерзімін - шектеуге немесе айыппұлға ауыстыруды көздейді. Пробация жүйесі арқылы түскен алты мың материал жаза өтеу мерзімін қысқарту және жазаның қалған бөлігін шартты түрде өтеуді қарастырады», - делінген хабарламада. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

25 қаңтар 2017, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.