Атырау, 2 мамыр 08:01
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Астанада Сирия мәселесi бойынша келiссөздер аяқталды

2 031 просмотра

Астанада Сирия мәселесi бойынша келiссөздер аяқталып, Ресей, Түркия мен Иран қорытынды мәлiмдеме жасады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Ресей, Түркия мен Иранның бiрлескен мәлiмдемесiн ҚР Сыртқы iстер министрi Қайрат Әбдiрахманов оқып бердi.

«Бiз бұл мәселеде әскери шешiм жоқ екенiне және оның тек саяси процесс арқылы шешiлетiнiне сенiмдемiз», - дейдi келiссөздерге қатысушылар.

«Үш жақты механизм құру шешiлдi, осылайша оқ атуды тоқтату режiмiнiң толық сақталуын бақылаймыз. Бiз «Ислам мемлекетi» мен «Джабхат ан-Нусраға» қарсы күрестi жалғастыру және оларды қарулы оппозициядан бөлу бойынша ниетiмiздi растаймыз. Бiз БҰҰ-ның 2254 қауiпсiздiк резолюциясына сәйкес дереу келiссөздер процесiн бастау қажет деген сенiмдемiз», - деп атап көрсетiлген бiрлескен мәлiмдемеде.

Мәлiмдемеде Сирия бойынша Астанадағы халықаралық кездесу Сирияның үкiметi мен оппозициясы арасындағы тiкелей диалог үшiн тиiмдi тұғырнама екенi атап өтiлген.

«Бiз оппозициялық қарулы топтардың Женевада 8 ақпанда Сирия үкiметi мен оппозициясы арасында өтетiн келiссөздердiң келесi раундына қатысу тiлегiн қолдаймыз. Халықаралық қауымдастықтың барлық мүшелерiн саяси процестi қолдауға шақырамыз. Бiз сириялық саяси процестi қамтамасыз ету, жаһандық процестерге үлес қосу және 2254 резолюциясын жүзеге асыру үшiн Астана тұғырнамасында белсендi қарым-қатынас жасау туралы шешiм қабылдадық», - дейдi қорытынды құжатқа қол қойған тараптар.

Еске сала кетсек, Астанадағы келiссөздерге Сирия үкiметi мен оппозиция, Ресей, Түркия және Иран үкiметiнiң өкiлдерi, сондай-ақ, БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы өкiлi Стафан де Мистура және Қазақстандағы АҚШ елшiсi Джордж Крол қатысты. Астана келiссөздерiнiң басты мақсаты - өткен жылдың соңында қол жеткiзiлген бiтiм туралы келiсiмдi нығайту.

Сирия мәселесiн реттеу бойынша Астанада кездесу өткiзу бастамасын Ресей мен Түркия президенттерi ұсынған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев бұл ұсынысқа қолдау танытты. Бiздiң елiмiз келiссөздер өткiзуге тек алаңқай ұсынып отыр, өзi бұл процеске қатысқан жоқ.

Астанаға Сирияның үкiметтiк делегациясын БҰҰ жанындағы тұрақты өкiл Башар Аль-Джафари бастап келдi. Ал Сирия оппозициясының делегациясы 15-ке жуық оппозиция тобының өкiлдерiнен тұрады. Бұдан бөлек, Ресей делегациясына РФ президентiнiң Сирияны реттеу бойынша арнайы өкiлi Александр Лаврентьев, Түркия және Иран делегацияларына сыртқы iстер министрлерiнiң орынбасарлары жетешiлiк еткен.

Дереккөз: Baq.kz

25 қаңтар 2017, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.