Атырау, 14 қазан 15:14
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Зейнетақы қоры салымшылар алдында есеп беруге дайын

2 356 просмотра

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ жыл сайынғы міндетті хабарлау науқанына дайындықты бастады, деп xабарлайды ҚазАқпарат қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қордың мәлім еткеніндей, 2,6 миллионға жуық адам интернет байланысы (сайт арқылы немесе ENPF ұялы қосымша) арқылы 2016 жылға үзінді көшірме ала алады. "2 миллионға жуық салымшы (алушы) пошта байланысы арқылы, оның ішінде 206 349 адам электрондық мекенжайына  үзінді көшірме алады. Сонымен қатар әрбір салымшының (алушының) өз зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ-ға өзі барып, өтініш жасай отырып алуына болады", - делінген xабарламада. 

Үзінді көшірмелер жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе хабарлау тәсілін өзгерту/анықтау туралы қосымша келісімде салымшы (алушы) көрсеткен мекенжайларға, оның ішінде электрондық мекенжайларға жіберілетін болады. Егер салымшы (алушы) тұрғылықты жерін ауыстырса және өткен жылдың 31 желтоқсанына дейін бұл туралы Қорға хабарламаса, онда пошта арқылы жіберілген 2016 жылға арналған үзінді көшірмесі БЖЗҚ-ға қайтарылады. Мұндай жағдайда БЖЗҚ қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес келесі жылға үзінді көшірмені жібермеуге құқылы болады. 

Айта кетейік, әрбір салымшы егер мекенжай немесе өзге де ақпараттар өзгерген жағдайда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын xабарландыруы тиіс. Себебі бұл қордың өз міндеттемелерін орындауына кедергі келтіреді. Қазіргі уақытта соның кесірінен 1,6 млн салымшыға үзінді көшірмелер жеткізілмей отыр. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

23 қаңтар 2017, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.