Атырау, 14 қазан 15:17
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Р.Василенко: Қазақстан Астанадағы келіссөздерге тек қана алаңқай ұсынады

1 620 просмотра

Фото: today.kz

Қазақстан Сирия мәселесiн реттеу жөніндегі келiссөздер өткiзуге тек қана алаңқай ұсынады, өзi бұл процеске қатыспайды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы iстер вице-министрi Роман Василенко (суретте) мәлiм еттi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Сирия бойынша келiссөздер бүгiн Астанада басталады. Осыған орай Астанадағы кездесу белгiленген уақытта өтiп жатқаны үшiн диалог тараптары мен осы процеске кепiл болған елдерге алғыс айтамыз. Бұл келiссөздер тараптарының процеске үлкен маңыз беріп отырғанын көрсетiп, кездесу қорытындысы жақсы болатынына үмiт бередi», - дедi Р. Василенко.

Вице-министр Сирия мәселесiн реттеу бойынша кездесу Ресей мен Түркия президенттерiнiң бастамасы бойынша өтiп жатқанын және бұл бастаманы Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев толыққанды қолдағанын еске салып өттi.

«Бұл ретте Қазақстан Сирия бойынша келiссөздер өткiзуге тек қана алаңқай ұсынатынын, өзi бұл процеске қатыспайтынын ерекше атап өту керек», - дедi ол.

Астанадағы келiссөздерге Сирия үкiметi, қаруланған сириялық оппозиция, Ресей, Түркия және Иран үкiметiнiң өкiлдерi қатысады. Сондай-ақ, БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы өкiлi және Қазақстандағы АҚШ елшiсi қатысады.

«Барлық делегацияның басшылары Астанаға келдi, олар келiссөздердi бастауға дайындалып жатыр. Ал келiссөздер сағат 13.00- де «Rixos» қонақүйiнде басталып, 24 қаңтар кешке дейiн аяқталуы тиiс», - дедi Р. Василенко.

Дереккөз: Baq.kz

23 қаңтар 2017, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.