Атырау, 15 қаңтар 08:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Qazkom Халық банкімен алдын ала келіссөз жүргізіп жатыр

2 683 рет қаралды

Qazkom "Халық банкімен" алдын ала келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Казкоммерцбанк" АҚ және Кеңес Рақышев "Қазақстан Халық банкі" АҚ-мен ККБ мен Халық банкінің арасындағы алда жасалуы мүмкін делінген келісімге қатысты алдын ала келіссөз жүргізіп жатыр, келіссөз алғашқы кезеңде", - деп хабарлады Qazkom баспасөз қызметі.

Qazkom өкілдері ендігі мәліметтің қажет болған жағдайда сәйкес мерзімде хабарланатынын айтып отыр.

Еске салайық, осыған дейін осыған дейін БАҚ-тар өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, қазақстандық екі ірі банктің бірігетінін хабарлаған еді. Алайда сол кезде БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Сергей Чикин Qazkom-ның бірігу туралы ұсыныс жасамағанын және мұндай мәліметті "Халық банкінен" алмағанын хабарлаған еді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

20 қаңтар 2017, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.