Атырау, 14 қазан 15:18
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Астана процесі Назарбаевқа Нобель сыйлығына жол ашуы мүмкін - ресейлік саясаттанушы

1 961 просмотра

Ресейлік саясаттанушы Андрей Казанцевтің (суретте) ойынша, Астана процесі Сирия мәселесін реттеуге ықпал жасай алса, Нұрсұлтан Назарбаевты бейбітшілік үшін Нобель сыйлығына ұсынуға әбден болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде үлкен міндетті мойнына алып отыр. Оның Сирия мәселесін реттеуге деген құлшынысы өз нәтижесін беруі де мүмкін. Алайда, ол жақтағы жағдай өте қиын болып тұр. Себебі Сириядағы шиеленіске бір емес, бірнеше мемлекеттің қатысы бар. Сондықтан оны реттегеннен бұрын, ушықтыра түспеу аса маңызды. Ол үшін қыруар дипломатиялық күш-жігер керек. Осы орайда, үлкен дипломатиялық дарыны бар саясаткеріміз - Нұрсұлтан Назарбаевтың бар екенін ерекше атап өткен жөн. Ол өзінің еңбек жолында сыртқы саясат жағынан әлі бірде-бір рет қателескен жоқ. Оның басты артықшылығы сол, ол кез келген жағдайда дұрыс баланс таба алады, қарама-қайшы мүдделер тоғысында тепе-теңдікті сақтай біледі. Сол себепті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік саясат деңгейінде өз қарым-қабілетін тағы бір мәрте көрсетуге мүмкіндік алды", - деді Казанцев бүгін Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында өткен жиында.

Бейнебайланыс арқылы шыққан саясаттанушының пікірінше, Қазақстан дәл осы Сирия мәселесін реттеу бойынша нақты бір нәтижеге қол жеткізе алса, Нұрсұлтан Назарбаевты бейбітшілік үшін Нобель сыйлығынан үміткерлердің қатарына қосуға әбден болады. Айта кетейік, қаңтардың 23-і күні Астанада Сирия дағдарысына қатысты бейбіт келіссөздерді (Астана процесі) өткізу жоспарланған.

Дереккөз: ҚазАқпарат


20 қаңтар 2017, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.