Атырау, 14 қазан 15:15
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қ.Мәми: Билік өкілеттіктерін қайта бөлу реформасы құқықтық мемлекет институттарын күшейтеді

2 011 просмотра

Билік өкілеттіктерін қайта бөлу рефорасы елімізде құқықтық мемлекет институттарын күшейтеді. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мами Алматы облысы судьяларының кеңесінде айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бізді құқықтық реформаның жаңа кезеңі күтіп тұр. Мемлекет басшысы 11 қаңтарда мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша жұмыс тобын құрды. Жұмыс тобының мүшесі ретінде облыстық құрылымдар басшылары, облыс активі мен судьяларға ұйымдастыру отырысының өткенін және кейбір жеке мәселелердің тұжырымдамалық шешімдері бар екенін хабарлағым келеді», - деді Қ.Мәми.

Жоғарғы сот төрағасы атап өткендей, Мемлекет басшысы Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен салтанатты жиында мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу қажеттілігі туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, Елбасы жаңа мемлекет пен реформалардың сәтті жүзеге асырылуы қуатты президенттік билікпен қамтамасыз етілгенін, Мемлекет дамуының жаңа кезеңі елдегі жағдай үшін Парламент пен Үкімет жауапкершілігін күшейту мәселесін дұрыс қойылып отырғанын сөз еткен.

«Елбасының нұсқауларына сәйкес, қолданыстағы саяси-құқықтық жүйенің маңызды сипаттамаларын сақтау туралы жалпы түсініктеме қалыптасты», - деп түйіндеді Қайрат Мәми.

Дереккөз: Baq.kz

20 қаңтар 2017, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.