ҚР “Байланыс туралы" Заңындағы “Желілердің және (немесе) байланыс құралдарының жұмысын тоқтату тәртібі" деп аталатын 41-1-бабына жаңа тармақ енгізілді.
Бұл өзгеріс ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтында жарияланды.
Жаңадан енгізілген 1-2-тармақта: “Кейінге қалдыруға болмайтын, ауыр және аса ауыр қылмысқа апарып соғуы мүмкін, сондай-ақ, қылмысты топтар дайындап, жүзеге асыратын қылмыстық оқиғалар орын алған кезде, жедел-іздестіру субъектілерінің мүддесі үшін, Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, оның орынбасарлары немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық органдарының бастықтары, әйтпесе солардың орнындағы адамдар желілердің және (немесе) байланыс құралдарының, байланыс көрсету қызметінің жұмыстарын, интернет-ресурстарға және (немесе) соларда жарияланған ақпараттарға қолжетімділікті, өз әрекеті туралы жиырма төрт сағаттың ішінде байланыс саласының уәкілетті органдары мен Қазақстан республикасы Бас прокуратурасына жиырма төрт сағаттың ішінде хабарлайтындай болып, тоқтатуға құқылы", – деп жазылған.
Яғни, бұдан былай ҰҚК әлеуметтік желілерді сот шешімінсіз-ақ бұғаттай алады.
Дереккөз: Halyknews.kz
В Атырау 0