Атырау, 23 желтоқсан 06:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Сот Ғабдуллиннің мүлкін жария етті

1 683 рет қаралды

Фото: © Public Domain

Бүгін Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бағлан Ыдырысов CentralAsiaMonitor-дың бас редакторы әрі Radiotochka.kz директоры Бигелді Ғабдуллиннің мүлкін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жария етілген мүліктердің қатарында Талғар ауданы әкімінің Ғабдуллинге Белбұлақ ауылынан сыйға тартқан 18 сотық жер телімі, Алматы қаласында орналасқан пәтер, айыпталушының және жұбайының атына тіркелген екі автотұрақ, Мерседес S500 көлігі бар. Судья сонымен қатар Ғабдуллинді жеке тінту барысында 25700 теңге мен 200 АҚШ доллары тәркіленгенін атап өтті.

Айта кетерлігі, судья Бағлан Ыдырысов айыпталушыдан Белбұлақ ауылындағы жер телімі кімге тиесілі екендігін сұрады. «Ол жер маған тиесілі, 18 сотық. Оны Талғар ауданы сыйға тартты. Аудан әкімі ешқандай бөтен ойсыз сыйлады. Бірақ оны айтсам ұзаққа созылады. Мұның тағылып отырған айыпқа еш қатысы жоқ», - деп атап өтті Ғабдуллин.

Осыдан кейін Бигелді Ғабдуллиннің адвокаты Аманжол Мұхамедияров бір жайттарды анықтау үшін судьядан 1-2 сағат үзіліс сұраған болатын. Алайда бірнеше минуттан кейін судья сотқа қатысушыларды қайта жинап, отырыстың 23 қаңтар күні сағат 15-00-ге қалдырылғанын жария етті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

20 қаңтар 2017, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.