Атырау, 3 маусым 14:42
 дождьВ Атырау +21.8
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Үкімет Наурыз мейрамы мен Астана күні қарсаңындағы демалыс күндерін ауыстырды

6 753 рет қаралды

Астана. 19 қаңтар. ҚазТАГ - Үкімет Наурыз мейрамы мен Астана күні қарсаңындағы демалыс күндерін ауыстырды,- делінген ҚР премьер-министрінің сайтындағы хабарда.

«Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды», - делінген сәрсенбіде жарияланған хабарда.

«Қаулыға сәйкес, демалыс күндері 2017 жылғы 18 наурыз сенбіден – 2017 жылғы 20 наурыз дүйсенбіге және 2017 жылғы 1 шілде сенбіден – 2017 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылды», - делінген құжат мәтінінде.

Қаулы алғаш болып ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Дереккөз: ҚазТАГ

19 қаңтар 2017, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.