Атырау, 14 қазан 13:26
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қазақстанда интернет-пайдаланушыларды телефон номері арқылы авторландыруды енгізу жоспарлануда

2 153 просмотра

Астана. ҚазТАГ - Мирхат Әжіғаалиев. Қазақстанда интернетті пайдаланушыларды желідегі түсініктемелерін телефон номеріне СМС-хабармен аутенфикациялану арқылы ғана қалдыруға болатындай етіп міндеттеу жоспарлануда, деп хабарлады ҚР инвестиця және даму министрлігінің байланыс және ақпарат комитетінің төраға орынбасары Михаил Комиссаров.

«Әкімшілік құқық бұушылық туралы кодекске, атап айтқанда 641 бабына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар және осы нормаға сай ақпараттандыру туралы заңға материалдық норманы енгізу қарастырылуда. Онда интернет-ресурстарға талап қою бар, яғни, пайдаланушы түсініктеме қалдыруы үшін СМС-хабар арқылы аутенфикациядан өтуі шарт екендігі айтылады», - деді сәрсенбі күнгі қоғамдық тыңдауларда М. Комиссаров.

Ол осындай кезде пайдаланушы телефон номері арқылы сәйкестендірілуден өтеді. «Біздің барлығымыз иентернет-ресурсын пайдаланушылармыз, өзіңіздің телефон номеріңізді енгізуіңіз керек және сізге код көрсетілген СМС келеді (сол арқылы – ҚазТАГ) сіз кейін өзіңіздің түсініктемелеріңізді қалдыра аласыз», - деді ол.

М. Комиссаровтың айтуынша, ондай тәжірибе «ақпараттық соғыстарға» ұрынбауға көмектеседі.

«Біздің барылығымыз көріп отырғандай, бар кезде де бір мәнді емес және қоғам да әр түрлі қабылдайтын жекелеген мақалалардың соңында берілетін түсініктемелерде толып жатқан ақпараттық соғыс жүріп жатады және көбінесе ол өркениетті емес түрмен жалғасып, ұлтаралық, дінаралық алауыздықты өршітіп те жатады», - деді шенеунік.

Одан басқа, деді ол, бұл шара пайдаланушыларды «жазудың алдында ойлануға» міндеттейді.

«Біз, ондай аудентификациялау тетігін енгізу осындай негативтік талқылау ыстығын төмендетеді және алдымен тіруеуден өткен адам, бір нәрсеге итермелейтін хабар жазудың алдында үш рет ойланар деп ойлаймыз», - деді М. Комиссаров.

Дереккөз: ҚазТАГ

19 қаңтар 2017, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.