Атырау, 14 қазан 13:20
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

ДСӘДМ: Instagam желісінде министрлік атынан ашылған аккаунттар жалған

2 437 просмотра

Instagam әлеуметтік желісінде «Денсаулық сақтау министрлігі» атты бірқатар шындыққа жанаспайтын аккаунттарды белгісіз адамдар құрған, дейді BAQ.kz тілшісі.

Бұл туралы министрліктің баспасөз орталығы арнайы хабарлады.

"Оларда жарық көрген кез келген ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (әрі қарай – ҚР ДСӘДМ) ресми ұстанымы болып табылмайды" - делінген хабарламады.

Сонымен қатар министрліктің баспасөз қызметі бүгінгі таңда ҚР ДСӘДМ-нің аталған әлеуметтік желіде ресми парақшасы жоқ екенін де мәлімдеді.

"Сондықтан, ҚР ДСӘДМ ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігіне тиісті шараларды қабылдау мақсатында хат жібереді" - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ДСӘДМ қызметіне қатысты барлық шынайы ақпарат министрліктің www.mzsr.gov.kz ресми сайтында жарияланады.

Дереккөз: BAQ.kz

16 қаңтар 2017, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.