Атырау, 14 қазан 13:24
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Ислам әлемінің екіге жарылуына жол беруге болмайды - Назарбаев

1 572 просмотра

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапарының бірінші күні БАӘ-нің ірі бизнес өкілдерімен кездесумен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев экономика саласындағы екіжақты Қазақстан-Араб қарым-қатынастарынан бөлек Астанада Сирия бойынша конференция өткізу келешегі жайында да айтып берді.

«Бұл (Сирия жанжалын реттеудің Астана процессі - автор) өтуі мүмкін және ол біздің осы өңірдегі бейбітшілікті дамытуға қосқан үлесіміз болады. Мен Иран президенті мен Сауд Арабиясы королімен олардың қарым-қатынастарын жақсарту үшін арнайы келіссөздер жүргіздім. Ислам әлемінің екіге жарылуына жол беруге болмайды. Сондықтан ислам елдерінің, мұсылман мемлекеттерінің бірлігі, бұл елдердің ғылыми-техникалық прогреске, инвестицияға, инновацияға жұмыс істейтін исламға бейім мемлекеттерге бағдарлануы - бұл біздің жолымыз. Бір кездері ислам әлемі ғылым мен техникада бүкіл ғаламшарды басқарған еді. Біз прогреске, ғылым мен болашаққа бағдарлануымыз қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесу соңында БАӘ-ның іскерлік орта өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевқа жеке кездесу мүмкіндігін бергені үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.

Дереккөз: ҚазАқпарат


16 қаңтар 2017, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.